2. Цифрлық объектілерге мыналар жатады:
7) цифрлық инфрақұрылым объектілері;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де цифрлық объектілер.
3. Цифрлық объектілер уәкілетті орган қалыптастыратын және жүргізетін цифрлық объектілер сыныптауышында оларды сәйкестендіру, санаттау, сипаттау және есепке алу арқылы жүйелендіруге жатады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға немесе пайдаланушылардың оларға қол жеткізуін шектеуге жол беріледі.
1. Жазбаның мазмұнын, дереккөзін, құрылымын немесе мақсатын анықтауға мүмкіндік беретін бірегей сәйкестендіру сипаттамалары бар цифрлық нысанда тіркеп-белгіленген ақпаратты немесе осындай ақпарат туралы мәліметтерді білдіретін ерекшеленген цифрлық объект цифрлық жазба деп танылады.
2. Цифрлық жазбалар мынадай болып бөлінеді:
1) сәйкестендіру цифрлық жазбалары - нақты, дербес немесе қызметтік сипаттағы және цифрлық деректерді дараландыруға арналған ақпаратты немесе мәліметтерді тіркеп-белгілеуші;
2) құқық куәландыратын цифрлық жазбалар - заттарды, тауарларды, шикізат ресурстарын және өзге де активтерді қоса алғанда, цифрлық және (немесе) материалдық объектілерге құқықтардың туындауын, тиесілігін, ауысуын, ауыртпалығын немесе тоқтатылуын, сондай-ақ осындай объектілерге байланысты талап ету құқықтарын куәландыратын жазбалар.
3. Сәйкестендіру цифрлық жазбалары, оның ішінде дербес деректері бар жазбалар азаматтық айналымға қатыспайды, ал олардың мазмұнына (ақпаратқа) құқықтар материалдық емес игіліктер (жеке мүліктік емес құқықтар) не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі ақпарат ретінде қорғалады.
4. Дербес деректерді қамтитын және мемлекеттік органдарға берілген цифрлық жазбаларды мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің осындай деректерге меншік құқығы туындамай, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негізде және шектерде ғана пайдаланады.
5. Құқық куәландыратын цифрлық жазбалар тиісті мүліктік құқықтарды беруге, иеліктен шығаруға, ауыртпалық салуға немесе өзге де иелік етуге жол береді. Құқық куәландыратын цифрлық жазбаларды жасау, пайдалану, есепке алу және олардың айналымының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленеді.
1. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес цифрлық активтерге жатқызылған цифрлық объектілер цифрлық активтер деп танылады.
2. Цифрлық активтерді және олардан туындайтын қаржы құралдарын құру (эмиссиялау), шығару, айналымға жіберу, сақтау, есепке алу, айналымды тоқтату ерекшеліктері және цифрлық активтерге және олардан туындайтын қаржы құралдарымен байланысты өзге де қатынастар «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және қаржы активтерінің және олармен байланысты қаржы құралдарының құқықтық режимін белгілейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
3. Осы Кодекстің цифрлық объектілер туралы ережесі цифрлық активтерге «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
23-бап. Бағдарламалық қамтылым
1. Бағдарламалық қамтылым - белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын сандық объект.
2. Бағдарламалық қамтылым құқығы құқық иесіне тиесілі және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес қорғалады.
3. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды оны әзірлеуге немесе өзгертуге бірлесіп қатысатын бірнеше субъектілер құра алады және қолдап отыра алады.
Авторлық құқық иесі және осындай кодты әзірлеуге қатысу қағидалары айқындаған шарттарда қарау, зерделеу, пайдалану, көшіру және (немесе) өзгерістер енгізу үшін қолжетімді код ашық бастапқы код деп танылады.
Бастапқы код деп бағдарламалау тілінде көрсетілген, бағдарламалық қамтылымды құруға және өзгертуге арналған бағдарлама мәтіні түсініледі.
4. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым ашық лицензия шарттарымен таратылады және пайдаланылады.
5. Осындай лицензияда белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға, зерделеуге, көшіруге, модификациялауға және таратуға адамдардың шектелмеген тобына құқық беретін құқық иеленушінің лицензиясы ашық лицензия деп танылады.
1. Цифрлық ресурс - реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы.
2. Цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс интернет-ресурс деп танылады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурсқа қол жеткізудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ осындай цифрлық ресурсты пайдалану қағидаларын белгілеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған цифрлық ресурстың белгілерін, сәйкестендіргіштерін және дараландырудың өзге де құралдарын пайдалануға;
3) өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз араласудан, әсерден, бұғаттаудан, көшіруден, модификациялаудан, қауіпсіздікті бұзудан немесе цифрлық ресурсты өзге де заңсыз пайдаланудан қорғауға құқылы.
4. Цифрлық ресурстың меншік иесі және (немесе) иегері:
1) цифрлық ресурста орналастырылған немесе өңделетін цифрлық деректердің, цифрлық жазбалардың сақталуын, тұтастығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;
3) цифрлық ресурс пайдаланушыларына қол жеткізу, цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды өңдеу және оның функционалын пайдалану шарттары туралы ақпарат беруге міндетті.
5. Меншік иесінің және (немесе) иегерінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және өзге де міндеттерді атқарады.
6. Цифрлық ресурстарда цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларды орналастыру, өңдеу және пайдалану, сондай-ақ осындай цифрлық деректер мен цифрлық жазбаларға қол жеткізу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында, жария оферта шарттарында, пайдаланушы келісімінде немесе цифрлық ресурсты пайдаланушылармен жасалған өзге де шарттарында айқындалады.
25-бап. Цифрлық инфрақұрылым объектілері
1. Цифрлық объектілерді орналастыруды және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз ететін материалдық, техникалық және технологиялық құралдардың жиынтығы цифрлық инфрақұрылым объектісі деп танылады.
2. Цифрлық инфрақұрылым объектілеріне деректерді өңдеу орталықтары, телекоммуникация желілері, байланыс жүйелері және өзге де инфрақұрылым объектілері жатады.
3. Цифрлық инфрақұрылым объектілерін құруға, орналастыруға, пайдалануға, жаңғыртуға, олардың орнықтылығын, тұтастығын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
4. Цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік немесе жеке меншікте болуы мүмкін.
5. Мемлекеттік цифрлық инфрақұрылым объектілері мемлекеттік функцияларды іске асыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, ұлттық мүдделерді қорғау және мемлекеттік басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
6. Мемлекеттік емес цифрлық инфрақұрылым объектілері Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік цифрлық объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.
26-бап. Бөлінген цифрлық объектілер
1. Бөлінген цифрлық объект деп құрылуы, сақталуы, өңделуі немесе пайдаланылуы цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және тұтастығын біртұтас өңдеу орталығынсыз қамтамасыз ететін көптеген өзара байланысты техникалық құралдарды пайдаланумен сипатталатын бөлінген архитектура арқылы жүзеге асырылатын цифрлық объект танылады.
2. Бөлінген цифрлық объектілер цифрлық деректерді жазу, келісу, тексеру, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайтын өзара іс-қимылдың ішкі регламенті, сондай-ақ цифрлық жазбалардың үйлесімділігін, анықтығын және өзгермейтіндігін қамтамасыз ету алгоритмдері негізінде жұмыс істейді.
3. Бөлінген цифрлық объектілер:
1) бір субъект қатысушылардың операцияларын үйлестіруді, бақылауды, жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе растауды жүзеге асыратын орталықтандырылған-бөлінген;
2) цифрлық жазбаларды келісуді, тексеруді және тіркеп-белгілеуді қатысушылар бөлінген үйлестірушісіз консенсус алгоритмдері немесе өзге де тетіктер негізінде тікелей өзара жүзеге асыратын орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
4. Бөлінген цифрлық объектілерді иелену, пайдалану және оларға иелік ету ерекшеліктері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
5. Бөлінген цифрлық объектілер айналымнан шығарылған, бірлесіп иелік ету объектілері болып табылады.
27-бап. Деректерді өңдеу орталықтары
1. Технологиялық, инженерлік, техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтылым арқылы өзге де цифрлық объектілерді орналастыруға және олардың жұмыс істеу ортасын қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі деректерді өңдеу орталығы болып танылады.
2. Деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұлттық немесе халықаралық техникалық аудиттен өтуі мүмкін.
3. Деректерді өңдеу орталығы оның үздіксіз, ақауларға төзімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін инженерлік, энергетикалық, телекоммуникациялық және технологиялық инфрақұрылымға ие болуға тиіс.
4. Мемлекеттік цифрлық деректерді, қолжетімділігі шектеулі деректерді немесе аса маңызды цифрлық объектілерді қамтитын цифрлық объектілерді орналастыру үшін пайдаланылатын деректерді өңдеу орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
1. Цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені цифрлық жүйе болып табылады.
2. Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе немесе цифрлық ресурстардың иегері және (немесе) меншік иесі өзгешені белгілемесе, онда қамтылған цифрлық ресурстарды ауыстыру және пайдалану шарттарын қоса алғанда, цифрлық жүйенің жұмыс істеу қағидаларын айқындауға құқылы.
Цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі цифрлық жүйенің сенімділігін, тұтастығын, қорғалуын және киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Егер цифрлық жүйенің иегері және (немесе) меншік иесі ондағы цифрлық ресурстардың иегерлері және (немесе) меншік иелері болып табылмаған жағдайда, цифрлық жүйені пайдалану және цифрлық ресурстарға қол жеткізу тәртібі осындай иегерлер және (немесе) меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.
4. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған орындаудағы цифрлық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, интеграциялау, өнеркәсіптік пайдалану мен қорғауды тоқтату осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
1. Цифрлық платформа - цифрлық орта субъектілері орналастыратын цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтерге, деректерге, сервистерге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
2. Цифрлық платформа пайдаланушылары платформадағы қызметке байланысты цифрлық платформаны пайдаланушылар мен бизнес-пайдаланушы болып бөлінеді:
1) цифрлық платформаны пайдаланушылар - цифрлық платформаны тауарларды іздеу, тапсырыс беру немесе сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін, сондай-ақ табыс алумен, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де тұтынушылық немесе қосалқы мақсаттар үшін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғалар;
2) цифрлық платформаның бизнес-пайдаланушысы - тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету немесе табыс алуға байланысты өзге де қызметті, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында цифрлық платформаны пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға.
3. Цифрлық платформада жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ цифрлық платформаны пайдаланушыларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының салалық заңнамасында айқындалады.
4. Цифрлық платформаларға қойылатын талаптар орындалатын функцияларға, адамдардың айқындалмаған тобының құқықтарына әсер ету дәрежесіне және цифрлық деректерге, көрсетілетін қызметтерге, тауарларға немесе өзара іс-қимыл нәтижелеріне бақылау сипатына сәйкес көлемде белгіленеді.
5. Цифрлық платформалардың иегерлері пайдаланушы келісімінде көрсетілген пайдалану шарттарының ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Бизнес-пайдаланушы, цифрлық платформаның иегері және (немесе) меншік иесі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық агентінің немесе салық төлеушінің міндеттерін атқарған жағдайларда, мұндай міндеттер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.
5-тарау. ЦИФРЛЫҚ ДЕРЕКТЕР ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ
30-бап. Цифрлық деректер өнімі
1. Цифрлық деректер өнімі - цифрлық ортада пайдалануға, айырбастауға және (немесе) айналымға жарамды құрылымдық немесе басқаша түрлендірілген цифрлық деректерді қамтитын цифрлық деректерді өңдеудің біріктірілген, қалыпқа келтірілген нәтижесі.
2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің цифрлық деректер өнімдерінің құрылымы, сапасы және метадеректері деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес реттеледі.
3. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, иегері айқындаған шарттарда мәмілелердің, иеліктен шығарудың және берудің нысанасы болуы мүмкін.
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасындағы цифрлық деректер өнімі мынадай қасиеттерге ие болуға тиіс:
1) дербес деректер субъектілерін тікелей және (немесе) жанама әдістермен сәйкестендіру мүмкіндігіне жол беретін дербес деректерді қамтымауға тиіс;
2) цифрлық деректердің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, өңделген және құрылымдалған;
3) құрамы, құрылымы, мақсаты және пайдалану шарттары туралы қажетті метадеректерді қамтиды.
31-бап. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары
1. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформасы - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес онда орналастырылған цифрлық деректер өнімдеріне олардың алмасуы мен айналымының белгіленген шарттарымен қол жеткізуді қамтамасыз ететін цифрлық платформа.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және жеке кәсіпкерлік субъектілері цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканы дамыту жөніндегі уәкілетті орган бекіткен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерімен алмасуы және олардың айналымы платформаларын құруға құқылы.
3. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган - стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу салаларында және мемлекеттік статистика саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
4. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформалары деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өлшемшарттарға сәйкес келген кезде және тәртіппен цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және оның айналымы платформаларының тізіліміне енгізілуге тиіс.
5. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелері және (немесе) иегерлері:
1) цифрлық деректер өнімдерінің тізбесін құруды және жүргізуді қамтамасыз етуге;
2) цифрлық деректер өнімдеріне қол жеткізу, алмасу және пайдалану шарттарын қамтамасыз етуге;
3) цифрлық деректер өнімдеріне рұқсатсыз қол жеткізудің, олардың таралып кетуінің және трансшекаралық берудің, егер мұндай беру Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген болса, алдын алуға міндетті.
6. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының мониторингін жүзеге асырады.
7. Қызметі басталған сәттен бастап цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті органға қызметтің немесе іс-қимылдың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
8. Деректер экономикасын дамыту жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
9. Цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді қоса алғанда, бастапқы (өңделмеген) деректердің айналымын жүзеге асыруға;
2) егер мұндай орналастыру немесе сақтау шектелген болса, цифрлық деректер өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастыруды немесе сақтауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, цифрлық деректер өнімі меншік иесінің және (немесе) иегерінің келісімінсіз цифрлық деректер өнімдерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
6-тарау. ЦИФРЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ АРНАУЛЫ РЕЖИМДЕРІ
32-бап. Сенімді цифрлық объектілер
1. Уәкілетті орган белгілеген қауіпсіздік, сенімділік, оқшаулау және техникалық қолдау өлшемшарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес келетін цифрлық жазбалар мен цифрлық активтерді қоспағанда, цифрлық объектілер сенім білдірілген цифрлық объектілер деп танылады.
2. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілерді сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізеді. Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындауды уәкілетті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенімді цифрлық объектілер тізіліміне енгізілген цифрлық объектілерді сатып алуды жүзеге асырады.
4. Цифрлық объектіні сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізу мемлекетте осындай цифрлық объектіге айрықша құқықтардың туындауына алып келмейді және оның меншік иесінің құқықтарын шектемейді.
5. Цифрлық объект сенім білдірілген цифрлық объектілерге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті орган сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінен цифрлық объектіні алып тастау туралы шешім қабылдайды және бұл туралы тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарды, цифрлық объектінің иегерлерін және (немесе) меншік иелері мен пайдаланушыларын хабардар етеді.
33-бап. Аса маңызды цифрлық объектілер
1. Аса маңызды цифрлық объектілер - бұзылуы немесе жұмыс істеуін тоқтатуы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау инфрақұрылымы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «цифрлық үкімет» үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін цифрлық объектілер.
2. Аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілер киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтауға міндетті.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда аса маңызды цифрлық объектілердің иегері және (немесе) меншік иесі киберқауіпсіздік аудитін жүргізуге міндетті.
34-бап. Ұлттық цифрлық объектілер
1. Мемлекеттік функцияларды орындау, мемлекеттік қызметтер көрсету не мемлекеттің цифрлық архитектурасының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аса маңыздылығына байланысты мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік цифрлық объектілер ұлттық цифрлық объектілер болып табылады.
2. Цифрлық объектіні ұлттық деп тану тиісті цифрлық объектілердің мәртебесі белгіленетін және оларды құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау ерекшеліктері айқындалатын Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
3. Ұлттық цифрлық объектілер көпшілік мүддесі объектілері болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, иеліктен шығаруға, кепілге беруге, оларға қатысты ауыртпалықтарды немесе мүліктік талаптарды белгілеуге, сондай-ақ иегерлерінің немесе өзге де адамдардың міндеттемелері бойынша өндіріп алуға жатпайды.
4. Ұлттық цифрлық объектілерді құру, дамыту, пайдалану, модификациялау және қорғау бюджет қаражаты не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
1. Цифрлық кондоминиум - өзара іс-қимылдың жалпы ережелері негізінде қатысушылар құрған және пайдаланатын, бөлінген цифрлық объектілерді бірлесіп иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтары жүзеге асырылатын меншік нысаны.
2. Цифрлық кондоминиум құрамына мыналар кіреді:
1) қатысушыларға тиесілі жеке цифрлық объектілер;
2) тиісті инфрақұрылымның жұмыс істеуі үшін қатысушылар бірлесіп пайдаланатын ортақ цифрлық объектілер.
3. Қатысушылар өздеріне тиесілі цифрлық нысандарға иелік етеді, пайдаланады және оларға билік етеді, ал ортақ цифрлық объектілер келісім немесе смарт-келісімшартта белгіленген тәртіппен пайдаланылады.
4. Ортақ цифрлық объектілерді басқаруды цифрлық орта субъектілері тікелей не қатысушылармен жасалған шарт негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырады.
5. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы келісіммен немесе смарт-келісімшарт талаптарымен айқындалады, тиісті өкілеттіктердің қатысуын және көлемін растайтын цифрлық жазбалармен куәландырылады.
6. Цифрлық кондоминиумдарды құру, жұмыс істеу, есепке алу және тоқтату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.